Пятница, 2024-04-19, 2:39 AM
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Кукеева О.И.
8:06 PM
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Кукеева О.И.

Бастауыш сынып мұғалімі

Кукеева О.И.

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖЕТІ МОДУЛЬ

ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – баланың қабілетін ашу, соның негізінде ой-өрісін дамыту, белсенділігін артыру, өзіне деген сенімін кушейту, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттау. Қазақстан Республикасының педагог қызыметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы барысында зерттелген жеті модульге негізделген жаңа әдіc-тәсілдермен таныстық. Былтырдан бері 7 модульды білгелі мен сабақтарымда оларды қолдануға тырысып келемін. Бірақ бір сабақта түгел қолдану кейді мүмкін болмайды. Бірақ сабақтарымда кем дегенде 3-4 модульды қолданам. Сабақ беретін сыныптарымда көбінесе АКТ, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», Талантты және дарынды балаларды оқыту», сыни тұрғысынан ойлау модульдерін қолданам. Сабақтарда    оқушылардың сыни ойлауына көп мүмкіндік туғызуға тырысамын.

Өз сабақтарымда үнемі қолданылатын әдіс-тәсілдер: кубизм, екі жақты күнделік, семантикалық карта, бес жолды тұжырым, Венн диаграммасы, топтастыру, эссе жазу, т.с.с.

«Эссе жазу» арқылы оқушы сол мәселеге байланысты өз ойын білдіреді, ішкі жан дүниесін ұғып, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айтады. Диалогтык оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығы артады, білім деңгейі көтеріледі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Сабақта АКТ –ны қолданудың көп пайдасы бар. Балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады, зейіндері тұрақталады, шығармашылық қабілеті артады. Ақпаратты өз бетімен қолдануға үйренеді. Флипчарт, аудио, видео жазбалардың көмегі зор.    7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану  арқылы оқушылардың    жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын  ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға  салуы маңызды.

    Сабақта  берілген  тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.

    Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады.

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға дегендей, әр сабақтың мазмұнды, танымды болуы, баланың алған білімді өмірде қолдана алуына  мұғалімдердің еңбегі зор.  Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

 

Просмотров: 693 | Добавил: Лидер | Теги: 7 модулей | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
avatar