Среда, 2024-04-24, 8:23 AM
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » Рефлексиялық есеп. Бозжигитова Г.Б.
8:14 PM
Рефлексиялық есеп. Бозжигитова Г.Б.

Рефлексиялық есеп

 

Бүгінде қоғамдық қатынастардағы білім мақсаты – бұл оқушының даралық сапаларын жүзеге асыру арқылы қоғамның тұрақты дамуын, қоғамдық жағымды сананы қалыптастыру, қоғамның интеллектуалды әлеуетін арттыру. Міне осы тарапта мұғалім алдындағы негізгі міндет мәтін мазмұнын, пәндік білімді меңгерту емес, оқушыға ой салу, ойланту.

Осы орайда жеті модульдің бірі диалготік оқытудың аспектесіне сай сабақтарымды өткізуді жалғастырудамын. Оқушылардың сөздік қорын зерттеушілік әңгіме арқылы дамытуға ықпал ету тақырыбында жұмыстарымды жандандырудың жалғасы болып келеді. Тақырып төңірегінде алға қойған мақсатым, оқушылар өз – ойын еркін, әрі толық жеткізуде тиімді әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асыру. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыларға әңгімелеудің түрін бірнеше қырынан меңгеруге бағыт беру міндетімен негізделеді. Демек, зерттеушілік әңгіме оқушылардың құзыреттілікке қол жеткізуіне септігін тигізетін жеті модульдің бірден бір  аспектісі.

Сыныбым үшін маңызы – оқушыларымның  сөздік қорының аздығы және ойларының қысқалығы, әрі бүгінгі жаһандану заманауида өскелең ұрпаққа әлемдік стандартқа сай білім беру басты да, негізгі мәселе екендігі баршамызға мәлім. Сол себепті бұл аспект оқушылардың сөздік қорына және ойын дамыту арқылы ойының ұшқырлығына ықпалы болмақ деген ой туындағандығы, сондай – ақ, жалпы мектебіміздің маңыздылығына тұспа – тұс, атап айтар болсақ, «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, мұғалімдердің оқушыларын оқытуда  түрткі болатын тапсырмаларды, оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге көптеп көмегін тигізеді деген түйіндемеге тоқталғандығы жөнінде жазған бірінші есебімде көрсеткен болатынмын. Демек, жоғарыда аталған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру арқылы қазіргі жұмыстануымның кейбір сәтті тұстарын көріп келемін.

Мысалы үшін сыныбымен өткізген әдебиеттік оқудан «Сабырсыз, арсыз, еріншек» тақырыбындағы сабақта және күнделікті сабақтарды оқушылардың  тілдік қоры мен сөздік қоры ұштасып, адыңғы уақытпен салыстырғанда ілгерлеуін байқадым. Менің ойымша, сабақтарда қолданылған түрткі тапсырмалар мен жеті модульді тиімді пайдаланудың нәтижесі деп түсінемін. Бұл сабақтың негізгі күтілетін мақсат бес асыл іс пен бес нәсерден қашық болуды тану болатын. Негізгі идея оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау болып табылады. Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыру көзделді. Оқушылардан бұл сабақта топпен, жұппен және топтағы бірлескен жұмыс жасай біледі, әрі әдеби сөздермен, сөздіктерді талдай алады деген нәтижені күттім. Және оны сабақ барысында нәтижелі тұстарын көрдім. Сабақ құрылымын жасақтауда Блум таксаномиясына сүйендім. Сабақта таныс емес жаңа сөздерді талдаулары орындалды. Тізбектеп оқу, хормен оқу, теріп оқу қамтылып, оқу түрлерін орындау енгізіліп іске асты. Оқулықтағы сөздік, яғни сиқырлы сөздер арқылы талданылды. Бағалау кезінде оқушылар ойын ширақ білдіре алды.  Рефлексия уақытында  оқушылар сабаққа сын мен пікірлерін білдірумен сабақ аяқталды.  Алайда, оқушыларымды сыни тұрғыда ойлануына бағыт – бағдар беру, диалогтік оқытудың зертеушілік әңгіме аспектісі, ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалану, дарынды балалармен жұмыс, оқыту үшін бағалау сияқты модульдерді ықпалдастырған мен үшін де, оқушыларым үшін де ыңғайлы әдіс – тәсіл, әрине.

Балалардың сөздік қорын зертеушілік әңгіме арқылы дамытуға ықпал жасау мақсатында арнайы нысандарға сүйенуді әдетке айналдырғаным оқушылардың қосымша мәліметтерді жинақтау және оны дәлелдеп хабарлауынан бақыладым. Өйткені оқушыларға күнделікті сабақтарда көбіне үй тапсырмасын «Ізденген жетер мұратқа» демекші өз бетімен ізденуге тән етіп берілуі өзінің шыңына жетті деуге болады. Ол мынадай, яғни, автордың шығармашылығы, өмір дерекетері, саған таныс емес шығармалар тізімін, эссе, шығарма, 5 жол өлең жазу, жинақтау, кешенді кестелерді толтыру деген сияқты тапсырмалар шектеліп отырады. Сабақ барысы мен күннен-күнге алға жылжуы және оның оқушыларға жағымды әсері тиіп жатқандығына көзім жетуде. Оқушылар өздерін бір үйдің баласындай сезінуі мұғалімге оң әсерін береді. Оқушылар ойын қоршаған ортамен байланыстыра отырып, алған білімдерін өмірде қолдана алатындығына бет алғандығы да танылып келеді. Сабақта көбіне мен сыни тұрғыда ойлау арқылы зерттеушілік әңгіме аспектісіне баса назар аудара отырып, демек, жеті модульді ықпалдастыру болып табылады. Қорытындылай келе айтарым, сөздік қорын дамуына көптеп септігін тигізетін, ол өзгертілген сабақта тиімді қолданылған жеті модульдің аспектілері.

Есепті жазған:   Бозжигитова Г.Б.

 

Просмотров: 1827 | Добавил: Лидер | Теги: рефлексивный отчет, 7 модулей | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
avatar