Понедельник, 2024-05-06, 9:53 PM
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Главная » 2016 » Сентябрь » 30 » ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ . Сергазина З.Ж. (сентябрь 2016)
12:24 PM
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ . Сергазина З.Ж. (сентябрь 2016)

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

(Сергазина Зинегуль Джумадиловна №18 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні және екінші деңгейді тиімді оқыту курсынан өткен мұғалім )

Мұғалім үшін ең маңызды нәрсе- қоғам үшін пайдасы зор тұлға тәрбиелеу. Тұлға- өз ұстанымдарын жеткізе және дәлелдей алатын, еркін, ынтасы зор, өзіне- өзі және өз идеяларына сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, ғылым мен техниканың белгілі салаларында құзырлығын көрсете алатын адам. Қоғам үшін пайдалы тұлғаны жетілдіру бойынша дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс- тәжірибесінен үйренетін болсақ, жоғары деңгейге қол жеткізу үшін «дәстүрлі» әдістен бас тартып, сындарлы оқытуға көшудің жөн болатындығына көз жеткізуге болады.
Білім беру- кешенді үдеріс. Егер мұғалім сындарлы оқытуда негізінен бағыттаушы болса, оқушылар өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, білімін толықтырып, пікірталас жүргізіп, өз болжамлдарына сыни тұрғыдан қарап, әлем туралы түсініктерін жетілдіретін болады. Осы типтегі сабақтардың материалдары жеті модульге сараланған. Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының үшінші деңгейлі курсында дәріс алғаннан соң, осы сындарлы оқытуды жүзеге асыра отырып, әрдайым оқушыларды зерттеу үстіндемін.
Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Мұғалімдер мен оқушылар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсініп, не үшін керек екендігін білу маңызды. Осыған орай бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Сабақтың мәнді өтуіне ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудың да маңызы зор. Осы орайда балаларды топқа бөлгенде қиыншылық тууы мүмкін, сондықтан да топқа бөлудің әр түрлі тәсілдерін алмастырып отырған жөн.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Бұл балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға аламыз. Оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой-пікірді жүйелеу амалы қарастырылады.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп пайдалана білуге үйретуді көздейді және оқушыны шығармашылыққа бағыттап, ойлау қабілетін дамытады. Әр уақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Сыни ойлауды дамыту технологиясының «дәстүрлі» оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауына орын алуға мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастайды. Дарынды оқушылар топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен де таныла бастайды. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізеді.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау –білім сапасының нәтижесі, яғни көрсеткіші әсіресе практикалық жұмыс түрінде өткізілетін сабақтарда, қайталау сабақтарында, тест тапсырмаларын және бақылау жұмыстарын орындауда тиімді болды.
Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Мен өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін қолданамын. Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз шеберлігі. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауын ұсындым. Бұл бағалауды қолданғандағы менің ең негізгі мақсатым- өзгені бағалау арқылы өзіңде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды. Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдандым. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бірден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім. Оқушының жетістігін қолдау оның өзіне деген сенімділігін арттыра түседі. Кері байланыс жасау — оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін, қандай сұрағы бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. ББҮ сызбасын оқушылардың толтыруын ұсындым. Осы арқылы олардың тақырып жөнінде не білетіндерін анықтай келе, білгісі келген нәрсесін бүгінгі сабақтан ала алды ма деген нәрселерге баса назар аудардым.
Оқыту мен оқуда ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану. Осы модуль тікелей информатикамен тығыз байланысты болғандықтан сабақты тиімді өткізуге болады. АКТ оқушыларға ғылыми түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. АКТ-ның барлық мүмкіндіктерін білу- ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және Интернет желісінде бірлескен жұмысқа апарар жол. Компьютерлік бағдарламалар арқылы әр түрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға болады. Сабақта интербелсенді тақтаны, флипчарттарды, презентация, электронды оқулықтарды орынды пайдалану оқушылардың қызығушылықпен сабаққа қатысуына көмектеседі. Подкастинг- бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен аудиториямен бөлісудің керемет жолы. Талантты және дарынды балаларды оқыту қазіргі білім талабына сай ерекше мәнмен қаралады. Олардың өздері де сабаққа ынталы келеді. Оқушылардың әрқайсысы өзіндік ерекше қасиеттері арқылы дараланып отырады. Біреулері ойын ашық түрде жеткізе алса, екіншілері өлең арқылы, суреттеу арқылы білдіріп отырады.
Дарынды баланың ерекше белгісі:
• ешкімге ұқсамайтын өзгешелігі;
• танымдық қызығушылық қабілетінің жоғарылығы;
• есте сақтау, зейін, елестету, ой – өрісінің жоғары болуы;
• ойлау қабілетінің дәлдігі;
• шешімдер қабылдаудағы ерекшелігі.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды көбіне деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырып отырамын. Бұл әдістің ерекшелігі-мұғалім бағыт беруші, ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Мұғалім барлық жастағы оқушыларды кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуына, саналы шешім қабылдауына ықпалын тигізе алады.
Оқытуды басқару және көшбасшылық модулі мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлана білу қабілеті мен «сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулімен тығыз байланысты. Яғни, білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан емес, ал нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы тиіс.
Интербелсенді оқу мен оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
1. Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
2. Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Оқушыларды зерттей келе оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқытудың тиімділігі айқындалды: сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің ойларын түсінуге және өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Тақырып бойынша оқу материалын игеру барысында, оқушылардың жұппен, топпен бірігіп жұмыс жасауы пәнге деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады. Жаңа терминдерді талқылауда қиыншылықтар кездеседі, бірақ оқушылар электрондық анықтамалармен пайдаланып, өз шеберліктерін танытты.
Сонымен қатар, топпен жұмыс жасау барысында оқушылардың арасында өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасқаны байқалды. Бұл мұғалімге ерекше әсер етеді, өйткені тек пән мұғалімі емес, сонымен қатар ата-ана ретінде оқушылардың адамгершілік қасиетінің көрініс тапқаны қуантады. Оқу мазмұнының игерілуі оқушының ішкі сезіміне, оның көңіл күйіне де тікелей байланысты. Сабаққа толық ниеті ауып, жақсы көңіл күйде отырған оқушының өзіндік пікірі, ақыл-ойы дамиды және белсенділігі артады.
Мен үшін тиімді болғаны, модульдерді кіріктіріп оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану өзімнің оқушылармен, сонымен қатар оқушылар арасында өзара түсіністікке, өзара әрекетке, әр оқушыға тапсырманы бірлесіп шешуге керектігі және кеңесіп қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытты. Нәтижесінде, сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бір көзқарастың болдырмайтынын түсіндім. Бірлесіп оқу барасында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды үйренді. Бұған мен сабақтарымда жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы қол жеткіздім. Әр уақытта оқушыларды ынталандырып отыру қажет.
Кедергілер: оқушылардың АКТ құралдарымен барлығының бірдей дәрежеде қолдана алмауы, өз ойларын дәлелдеп айта алмауы, жаңа терминдерді күнделікті өмірде қолданбауы, жауаптары дұрыс болса да айтуға ұялуы, нашар оқитын оқушылардың сабаққа деген ынтасының төмен болуы. Шешу жолдары: Топта, жұпта оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып дұрыс жауаптарын тауып, мұғалімнің бағыт – бағдарын түсіну арқылы өздерінің ойларын еркін және дәлелдеп жеткізуіне баулу. Нашар оқитын оқушыларды жақсы оқитын оқушыларға қосып жұппен бірге тапсырма орындауға бағыттау, сол оқушының да тапсырманы ынтамен орындауына көңіл бөлу.
Осы сабақтардың жаңаша өткізілуі оқушыларға да ұнайды, әр сабақ сайын олар өз пікірлерін айтып, тілектерін, нені біліп, нені білгісі келетіні жайлы кері байланыста боламыз.
Зерттеу барысында 7-8 оқушылары арасында сауалнама жүргіздім:
Бірінші сұрақ: жеті модульді кіріктіріп өткізген сабақ ұнай ма?
иә-96%, жоқ-4%;
Екінші сұрақ: қандай әдіс- тәсілдері ұнайды? топпен жұмыс-42%, жұппен жұмыс-18%, сергіту сәті-15%, бағалау-13%, ойын түрінде өтуі-12%;
Үшінші сұрақ: осы пәнге деген қызығушылығың артқанын байқадың ба? Иә- 85%, бұл пән мені бұрыннан қызықтырады-13%, жоқ-2%;
Төртінші сұрақ: өзін- өзі бағалау деген дұрыс па? Иә- 76%, білмеймін-21%, жоқ-3%;
Бесінші сұрақ: «дәстүрлі емес» сабақтардың көп болғанын қалар ма едің?иә-97%, білмеймін-3%, жоқ-0%.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Сауалнама барысында оқушылардың сабақтың қызықты, жеңіл өтетіндігіне көздері жеткені анықталды., олар ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйреніп, сол арқылы білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын көрсетті. Яғни, оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға, бағалауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндер де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Жоғарыда атап өтілген жеті модульдің барлығы жаңа әдіс- тәсілдер арқылы оқушыға сапалы білім беруге бағытталған. Осы бағытқа біртіндеп көшіп, өзіміз жаңа әдіс- тәсілдерді қолдануды жеткілікті меңгеріп алған соң ғана, жан- жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімі жоғары тұлғаны қалыптастыра аламыз.

 

 

Просмотров: 1034 | Добавил: Лидер | Теги: рефлексивный отчет, серия последовательных уроков | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar