Понедельник, 2024-05-06, 8:27 PM
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Главная » 2016 » Сентябрь » 30 » Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру бойынша рефлексиялық есеп. Бозжигитова Г.Б. (сентябрь 2016)
11:52 AM
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру бойынша рефлексиялық есеп. Бозжигитова Г.Б. (сентябрь 2016)

Бозжигитова Г.Б.

№18 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

 

Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру  бойынша рефлексиялық есеп

 

 Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама жеті модульге сараланған. Мен осы жеті модульді ықпалдастыруда І тоқсан ішінде әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика пәндерінен бірнеше сабақ өткіздім. Барлық сабақ тек оқушыларға ғана емес өзіме де ұнады. Әсіресе, сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту демекші осы қағиданы қатты ұстандым. Келесі сабақтарымда  
«Алты қалпақ», «Кубизм», «Екі түрлі күнделік», «БҮБ» т.б стратегиялық әдіс - тәсілдер арқылы сабақ өткізуді жөн көріп отырмын. Өйткені, егер де мұғалім өзі сыни ойлай алса, оның шәкірті де сыни тұрғыдан ойлай алады деген сияқты оқушыларым өткізген сабақтарымда осының бірнеше қырын көрсете алды. Сондай – ақ оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер де.  Ал оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау іс жүзінде жүріп жатса да, мен үшін кей-кезде қиындыққа әсері тиюі мазалайды. Өйткені оқушылар өте жоғары бағалайды, ал мұғалім арасында осы кезде дау тууы да шарт. Әсіресе біріктіре отырып, бір түйін шығаруға келісімсіздік орнайды.

Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану 100% -ға жетпей жүр. Мұның салдары сынып бөлмесінде база толық еместігі әсерін береді. Талантты және дарынды балаларды оқыту, Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту аса маңызды екені баршамызға мәлім. Сол себепті біз мұғалім оны да сабақ барысында болсын, әрі жалпы жұмыс барысында болсын баса назар аударған жөн. Не дегенменде оқушыларымыздың байқаулар мен олимпиадаға қатысуына көмекші болып табылады.  Әрине, жетістігін жетілдіре алатын сыныбымда әрі талантты, әрі дарынды оқушылар бар, оны сабақ барысында да, жалпы да байқалады. Міне осындай оқушыларымыз сабақ барысында Выготскийдің ЖАДА жақын арадағы даму аймағына бар күшін салып, жан – жаққа үлгіруімен қатар өзін де дамыта алады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Осы жоғарыдағы аталған түсіндірмелерге тән нәтиженің басы анықталып келеді. Әсіресе, зерттеушілік әңгіме аспектісі арқылы көптеп жұмыстар атқарылады. Тек сабақтар ғана емес, сол сияқты тәрбие жұмыстарында да енгізіліп, оқушылар үшін оқу нәтижелеріне септігін тигізеді.

Оқытуды басқару және көшбасшылық. Мұғалім сұрақ қоюдың өзін жете білу керек. Соның нәтижесінде оқушылар сабақта, әсіресе, көшбасшылығын топ басшысы болғанда және де кері байланыста ап-анық байқалады. Және оқушылар өз білгенін бәрінен бұрын айтуға талас ұрады. Өзін еркін сезінеді. Жалпы сабақтағы әрекетінде түрткі тапсырмалар ең бірінші болып орындағанды жақсы көріп тұрады. Демек, шапшаңдылық дағдысы жақсы қалыптасқан. Бір сабақта барлық модульді ықпалдастыру мен үшін мүмкін емес деп ойлаймын. Жеті модульді бір сабақта ықпалдастырмасам да кей-кезде төрт модуль, кей-кезде бес модульге дейін енгізуге тырысамын. Соның барысында барлық сабағымда сыни тұрғыдан ойлау үнемі кіріктіріледі. Менің ойымша олсыз сабақ қызықсыз өтетін сияқты. Тіпті диалогтік тәсіл арқылы оқушылар сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі. Менің сабақтарымда көбіне сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, АКТ-ні пайдалану, оқытудағы басқару мен көшбасшылық, оқу мен оқыту үшін бағалау үнемі қолдану басым. Соның нәтижесінде оқушылардың білім деңгейіне әсерін тигізуде. Әрі сыны ішіндегі шағын қоғамдастық орнауына септігін тигізіп келеді. Осы жеті модульді ықпалдастыруда түрткі тапсырмаларды сабақтың басты мақсатына жету жолдарын қарастыра отырып, оқушылардың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын ояту аясында ойластырылып, сабақ құрылымы жасақталып, сол бойынша түгел қамтылып орындалуына бар күшімді салуға тырысамын. Әлі де еңбек ету керектігін сезініп, түрлендіре өткізуді көздеймін.

 

 

Просмотров: 990 | Добавил: Лидер | Теги: рефлексивный отчет, серия последовательных уроков | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar